Меню KDT

logo7.png?_=1

"Сулыкөл бастауыш мектебі" КММ
  • kz
  • Все новости

    1-қазан «Халықаралық қарттар күніне»


       Қарт дегеніміз-ағып жатқан дария,теңіз іспеттес.Теңіздің тұнығы мен тереңдідігі қандай болса,қарияларымыщдың да білетіні сондай терең.Қариялар халқымыздың өткені мен бүгіні,тұнып жатқан тарихымыз «Қарттар бар елдің қазынасы бар» деген аталы сөз осыдан қалса керекті.Үлкенді сыйлау,оларға құрмет көрсету ата-бабадан келе жатқан салтымыз.Бүгінгі жас-ертеңгі қария.Мұны әрбір қазақ азаматтары жадында сақтап,көңілге түйіп,атасыз үйлері-батасыз,анасыз үйлері-панасыз қалатынын ескерген дұрыс.

     «Сулыкөл бастауыш мектебі» КММ 1-қазан «Халықаралық қарттар  күніне» байланысты іс-шара өтті.Мектеп ұжымы  Сулыкөл ауылында тұратын еңбек ардагері Абитаева Думанды «Халықаралық қарттар  күнімен » құттықтады.Думан әжейміз бірнеше жыл бойы еңсере еңбек етіп,бейнетінің зейнетін көріп отырған елге сыйлы, ардақты ана,аяулы әже.Мектеп қабырғасында еден жуып,от жаққан. Ол кісінің жас бүлдіршіндерге  жасаған еңбегін әрдайым жадынымызда сақтаймыз.Еңбек ардагері өзінің еңбек жолындағы қосқан үлестерін айтып өтті.Келер ұрпаққа өзінің ақ тілегін арнап,батасын берді.

     Асыл қарттарымыз бәйтерек болса,біз оның жапырағымыз.Қарт кісі-құт-береке.Ендеше,оларды құрметтеп,сыйлай білейік.

    09.12.2019
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Жаканова Бакыт Саденовна

    Полезные ссылки