Меню KDT

logo7.png?_=1

"Сулыкөл бастауыш мектебі" КММ
  • kz
  • Все новости

    «Менің Президентім»сынып сағаты


    «Сулыкөл бастауыш мектебі» КММ-де бастауыш сыныптарда 1 желтоқсан «Тұңғыш Президент күні» қарсыңында «Менің Президентім»сынып сағаты өтті.

    Мақсаты: Оқушыларға Елбасымыз және Қазақстынның жетістіктері жайлы теренірек ұғым қалып тастыру. Оқушылардың ой-өрісін, қызығушылықтарын дамыту.Елбасымызды, елімізді құрметтеуге  тәрбиелеу.

       Сынып сағаты ҚР-ның гимнін айтумен басталды.

    Тәуелсіз ҚР-ның тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтің өмірбаянымен  таныстырды. Алғашқы еңбек жолын Қарағанды метоллургия комбинатында бастады. 1991 жылы 1 желтоқсанда өткен бүкілхалықтық президенттік сайлауда ҚР-ның президенті болып сайланды. Сайланған соң , қазақ халқы  тәуелсіздік алды. Елбасы егемендігіміздің алғашқы күнінен бастап, жатса-тұрса ойлайтыны да, айтатыны да еліміздің тыныштығы мен бірлігін сақтап қалу болды. Қазақстанның тәуелсіз мемлекетке айналар жолында, не қилы қиындықтар кезінде халқын қолдап, рух-жігерін көтерді. Елбасымыздың арқасында біз көп жетістіктерге қол жеткіздік. «Невада-Семей» полигоны тоқтатылды, Ата заңымыз қабылданды,ҚР-ның рәміздері қабылданды, ҚР-ның Ұлттық ақшасы-теңге айналымға енді, т.б.

       Оқушылар Отан және Елбасы жайлы тақпақтар,әндер айтты.

       Біз халықтың осындай үлгі тұтарлық тұлғасы бар екенін мақтан етеміз!

    09.12.2019
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Жаканова Бакыт Саденовна

    Полезные ссылки