«Сулыкөл бастауыш мектебі» КММ-де бастауыш сыныпта және шағын орталықта 25.10.2019 жылы «Алтын күз»ертеңгілігі өтқізілді. Тақырыбы: «Жомарт күз!»
Мақсаты: Балаларды қоршаған ортаның әсерімен таныстыру. Күз мезгілінің байлығын, жомартығын іс-әрекет іздену арқылы шығармашылығын дамыту,ой-өрісін,дүниетанымын кеңейту, табиғатты қорғауға,күтіп-баптауға тәрбиелеу.Табиғатқа қамқор болуға,оны аялауға тәрбиелеу. Балалардың күз туралы білімін қалыптастыру. Күзгі табиғат ерекшеліктерімен таныстыру,көкөністер мен жемістерді ажырата білу. Ата-аналардың арасында,ата-аналар мен тәрбиенушілердің арасында қарым-қатынастың жайлылық жағдайын құруы. Тапқырлық, жылдамдық, ұшқыр ойлау қабілеттерін дамыту.
Балалар әуен ырғағымен қолдарына жапырақтар ұстап шеңберге тұрып, «Жапырақтар» биін биледі. Күз туралы тақпақтар айтылды. «Күз Ханшайымы» келіп балаларға жемістерден базарлық таратты. Күз Ханшайымы жұмбақтар жасырды,ойындар ойнатты. Ата-аналар балалармен бірге қосылып көкөністер мен жемістерді ажыратып,себетке салуға жарысты.Ойын-сауықтан соң мерекелік дастархан жайылды . Дастарханға ата-аналардың дайыңдаған салаттары ,көкөністер мен жемістер қойылды. «Жомарт күз!» ертеңгілігі қызықты және тартымды өтті.